Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (35) Ұлағатты сөздер (10)

Ойыннан от шығады.

Ілмектер: ойын, от

От — арық, су — семіз.

Ілмектер: от, су

Сай қуалап су ағар,
Жел қуалап от жанар.

Ілмектер: су, от

Қорықсаң — от жақ.
Қарның ашса — от жақ,
Жаурасаң — от жақ.

Ілмектер: от

От көрмеген от көрсе,
Күндіз шырақ жандырар.
Оқ көрмеген оқ көрсе,
Далаға атып даң қылар.

Ілмектер: от, көрмеген

Отты сөндіргеннен, бақылаған оңай.

Ілмектер: от

Алтын отпен, әйел алтынмен, еркек әйелмен сыналады.

Ілмектер: алтын, әйел, еркек, АҚШ халқының мақалы, от

Отты жаға білмеген
Пықсытады.
Шөпті шаба білмеген
Қоқсытады.

Ілмектер: от, шөп, білмеу

От жанбағы көріктен.

Ілмектер: от, еңбек

От арық, су семіз.

Ілмектер: от, су, жыл мезгілдері, табиғат, табиғат құбылыстары

Отпен ойнама - күйерсің,
Құйынмен ойнама - шаршарсың.

Ілмектер: от, құйын, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар, ойын

Алла салған отты ақымақ өшіре алмас.

Ілмектер: Алла, от, ақымақ

Алаудан тезек те, кезеп те жанады.

Ілмектер: алау, от, парсы мақалы

Қарны ашқанға ас салғызба,
Суыққа тонғанға от жаққызба.

Ілмектер: аштық, ас, суық, от

Досқа атылған оқ, қойынға түскен шоқ.

Ілмектер: от, шоқ, дос

Қатын алдың, отын алдың.

Ілмектер: қатын, от

Отқа жуықтың қолы күйер.

Ілмектер: от, қол, күю

Көшсе көш қасындамыз,
Отырса от басындамыз.

Ілмектер: көш, от

Бас-басыңа би болсаң,
Мана тауға симассың.
Бір данаға жол берсең,
Жанған отқа күймессің.

Ілмектер: ынтымақ, бірлік, дана, от, тау

Отты қузаған өшірер,
Қоңсыны қузаған көшірер.

Ілмектер: от, қоңсы, ел

Серіктестер

Жүктелуде...