Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (10) Мақал-мәтелдер (15) Ұлағатты сөздер (21)

Асыл әйел –
Әрі еркек, әрі қатын.

Ілмектер: әйел, еркек

Қатынның қары күлегеш,
Еркектің қоры күлегеш.

Ілмектер: қатын, еркек, адам

Әйел— үйдің көркі,
Еркек— түздің көркі.

Ілмектер: әйел, еркек, отбасы

Жақсы әйел
Жаман еркекті түзетеді.
Жаман әйел
Жақсы еркекті жүдетеді.

Ілмектер: әйел, еркек, отбасы

Үйді қырық еркек толтыра алмайды,
Бір әйел толтырады.

Ілмектер: әйел, еркек, отбасы

Еркек дауысты әйелдің ісі болмас,
Қатын дауысты еркектің күші болмас.

Ілмектер: әйел, еркек, отбасы

Еркектің жаманы
Қатынын жамандар,
Елдің жаманы
Батырын жамандар.

Ілмектер: жаман, еркек, қатын, отбасы

Алтын отпен, әйел алтынмен, еркек әйелмен сыналады.

Ілмектер: алтын, әйел, еркек, АҚШ халқының мақалы, от

Жақсы қатын жаман еркекті де адам етеді.

Ілмектер: жақсы, жаман, қатын, әйел, еркек, адам

Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады,
Жаман еркек жақсы әйелді жер қылады.

Ілмектер: әйел, еркек, жақсы, жаман, отбасы, туыс, жанұя

Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді,
Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді.

Ілмектер: еркек, әйел, ырыс, жұмыс, отбасы, туыс, жанұя

Әйел асқақтаса, жылайды,
Еркек асқақтаса, құлайды.

Ілмектер: әйел, еркек

Алтын басты әйелден,
Бақыр басты еркек артық.

Ілмектер: алтын, әйел, еркек

Еркек бала сұңқар болсын,
Сұңқар болмаса бордай солсын.

Ілмектер: еркек, бала, сұңқар, қырғыз мақалы

Әйелі жаман еркектің жаман аты шығады.

Ілмектер: әйел, еркек, жаман, ат