Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Бардың ісі пәрменменен,
Жоқтың ісі дәрменмен.

Ілмектер: бар, жоқ, іс, пәрмен, дәрмен

Бар ізгілік түйсіктіге саяды,
Ер біліммен өсіп, атын жаяды.

Ілмектер: ізгілік, түйсік, ер, білім

Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.

Ілмектер: ізгілік, білім, аспан, жол

Бар қарындас батуда болмасын,
Жоқ қарындас жолда тұрмасын.

Ілмектер: қарындас, туыс, бар, жоқ

Бар елің базар, жоқты қайдан қазар.

Ілмектер: бар, жоқ, базар, қазар

Бар боп тұрса бұрынғы әдет өрнегі,
Білімдіге тиер орын төрдегі.

Ілмектер: әдет, төр, білім

Бар болып, жоқтық ісін қылма,
Жоқ болып, бардың ісін қылма.

Ілмектер: бар, жоқ, байлық

Бар болса, баршаменен көтіңді сүрт,
Жоқ болса, жаныңменен көтіңді сүрт.

Ілмектер: бар, жоқ

Бар болса, сойғанның жөні бар,
Бір қойдан он кісінің құны бар.

Ілмектер: байлық, қой, кісі, құн

Бар болса, көре алмас,
Жоқ болса, бере алмас.

Ілмектер: бар, жоқ, көре алмаушылық

Бар болғанның белгісі — туғандығы.

Ілмектер: белгі, туған

Бар бәледен ұят сақтайды,
Барлық жақсы істің байламы да ұятта.

Ілмектер: бәле, ұят, жақсы, іс

Бар бәле әйелден (әйел туралы даудан).

Ілмектер: әйел, дау, бәле

Бар бақытты сақта, өсектен жұтатар,
Ол кіріссе, жоқтан отты тұтатар.

Ілмектер: бақыт, өсек, от

Бар байлықты жинауға тырысқан адам бақытсыз.

Ілмектер: адам, байлық, бақыт, бақытсыз

Бар ағайын асырай алмайды,
Жоқ ағайын көре алмайды.

Ілмектер: ағайын, көре алмаушылық

Балық жеген тоқ болар,
Дәрмені жоқ болар.

Ілмектер: балық, дәрмен

Балық берсең, байлап бер,
Басын-көзін шайнап бер.

Ілмектер: балық

Балық ала алмаған суды былғайды.

Ілмектер: балық, су

Баласы көп болса,
Ұрыс бастайды.
Жылқысы көп болса,
Қоныс бастайды.

Ілмектер: бала, ұрыс, жылқы, қоныс