Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Бектің асы қанша дәмді болса да,
Жоқ-жітіктің қатқан наны жақсырақ.

Ілмектер: бек, ас, дәмді, нан

Бектер сөзін айта берме (басқа сын!),
Қайталама жақсы сөзден басқасын.

Ілмектер: бек, сөз, сын, жақсы

Бектер болса ессіз,
Бұзылады ескі із.

Ілмектер: ескі, бек, із

Бекпен алысып болмас,
Терекпен күресіп болмас.

Ілмектер: бек, терек, басшылық, күрес

Бекерден Тәңірім безер.

Ілмектер: бекер, безу

Бек тілесе,
Бәрін де тегін алады.

Ілмектер: бек, тілек, тегін, басшы

Бек тәтті өмірді сүйсе,
Елдің күні қараңғы.

Ілмектер: өмір, бек, тәтті, ел, халық, күн, қараңғы, басшы

Бек өсер жай халықтың арқасында,
Тізгінді үзеңгімен тартсаң да!

Ілмектер: бек, халық, тізгін

Бек қараса, назарынан қорық.

Ілмектер: бек, назар, қорқу

Бек қайда барса, құлы сонда.

Ілмектер: бек, құл

Бек деген — от,
Жақын жүрме, күйесің.

Ілмектер: бек, от, күю

Бек болмаған бек болса,
Таяқ кетпес басыңнан.

Ілмектер: таяқ, бек

Бек болмаған бек болса,
Бұрыш сайын белгі салады.

Ілмектер: бек, бұрыш, белгі

Бек бергенімен биіктер.

Ілмектер: бек, биіктеу

Бек алдында иіліп, көкірегін басқан қолдан,
Темір илеген білек мың есе артық.

Ілмектер: бек, көкірек, темір, артық, мың, білек, жағымпаздық

Бейтаныс кісіден таныс шайтан артық.

Ілмектер: Бейтаныс, кісі, артық, шайтан

Бейпіл сөзден түскен пайда көрмедім,
Көп те болса, ешбір түсім термедім.

Ілмектер: пайда, сөз

Бейнетсіз дәулеттің рахаты жоқ.

Ілмектер: бейнет, дәулет, рахат

Бейкүнә адамға тіл тигізу—
Сау тамырды қандауырмен осқылаумен бірдей.

Ілмектер: Бейкүнә, адам, тіл тигізу, тамыр

Беземе тілді бекер, болар қамшы,
Дәрісі оның у ғой бір-ақ тамшы.

Ілмектер: дәрі, у, тіл, қамшы

Пікірлер