Өлең, жыр, ақындар

Мақал-мәтелдер

Биді Құдай ұрмайды,
Алымға сөзін бұрса да.

Ілмектер: би, сөз, алым

Бидай көрсетіп, арпа сатады.

Ілмектер: бидай, сауда, саудагер, арпа

Бидай егіп, арпа ормас болар.

Ілмектер: бидай, арпа

Би қылма, би түсетін үй қыл.

Ілмектер: би, үй

Би болмасаң, би болма,
Би түсетін үй бол.

Ілмектер: үй, би

Би болмақ ініден,
Билікке шықпақ баладан.

Ілмектер: іні, билік, бала

Би баласы биге ұқсар,
Биік-биік тауға ұқсар.
Хан баласы ханға ұқсар,
Қанатын жайған қазға ұқсар.
Бай баласы байға ұқсар,
Байланбаған тайға ұқсар.

Ілмектер: би, бала, тау, хан, әке, бай

Би асылдан асыл болмас,
Би асылмен жолдас болсаң,
Мұратың, сірә да, хасыл болмас.

Ілмектер: асыл, би, жолдас, мұрат

Берсін дейді сұлтан,
Бергізбейді сұбхан.

Ілмектер: беру, сұлтан

Берсе, қолынан,
Бермесе, жолынан.

Ілмектер: жомарттық, қол, жол

Берер Тәңір талап қылсаң,
Не табарсың қарап тұрсаң.
Мұратқа тез жетерсің,
Оқығанды сабақ қылсаң.
Күніне бес ойлағанды тамақ қылсаң.

Ілмектер: талап, мұрат, сабақ, оқу, тамақ

Берейін деген құлына,
Айдап салар жолына.
Бермейін деген құлына,
Іздесе табылмас пұлына.

Ілмектер: құл, жол, Сәттілік, пұл

Бердім бір ай,
Келдім сұрай.

Ілмектер: беру, сұрау

Бергеннің бетіне қарама.

Ілмектер: беру, бет, қарау

Бергенге бес те көп,
Алғанға алты да аз.

Ілмектер: бес, алты, беру, алу

Берген перде бұзады.

Ілмектер: перде, беру, бұзу

Берген ердің аты шығады,
Аты шыққан мәңгі жасайды.

Ілмектер: мәңгі, ер

Белдіменен тіреспе,
Білегі жуанменен күреспе.

Ілмектер: белді, білек, жуан, күрес

Белгілі қосшың болмаса,
Белің буып атқа бар!
Тоқалыңыз болмаса,
Бәйбішесімей отқа бар.

Ілмектер: қосшы, ат, тоқал, бәйбіше, от

Бектің бүгінгі қуанышы ертеңгі табысында.

Ілмектер: бек, қуаныш, ертең, табыс