Өлең, жыр, ақындар

Қарсылық

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 248
Қимақ болып тiрлiгiмнiң пернесiн,
жұлмақ болып ертеңiмнiң пердесiн,
бiреулер жүр қара ниет тiлекпен
басамын деп ұлы Дала кеудесiн.
Қайта салып мойнымызға құрығын,
үзбекшi олар бостандықтың жұлынын.
Ұлы Елiмнiң кеудесiне күн-түнi
себуде олар сенiмсiздiк ұрығын
Қалай да бiр салмақ болып бүлiктi
күнi-түнi iздейтiнi iрiткi...
Қалбаңдаған қарғалардай бiз жаққа
Ұшыруда күмән менен күдiктi.
Күнi-түнi мысқылдайды,
мiнейдi.
Күнi-түнi жамандықты тiлейдi.
Ұлы Елiме қарай қазiр қаптатып
жiберуде қорқыныш пен үрейдi.
Ұлы Елiмдi етпекшi олар қақпақыл.
Кең даламды етпекшi олар ақ тақыр....
...Көре-көре бұл сұмдықты
шыдамай
орынынан көтерiлiп кеттi ақын.
Тебiрендi ол намыс-оттан алқынған.
(Жаралаған ба найзағайлы жарқылдан).
Көтерiлiп кеткен кезде сол ақын
көтерiлдi теңiздегi толқындар.
Шағалаға айналды да армандар
Теңселiп бiр кеттi қарлы заңғарлар.
Жүрiп кеттi Ақын сонда қозғалып,
iлестi оған қалың қара ормандар.
Шайқалып-ақ кеттi сонда тұнықтар,
Емен болды –
солқылдаған шыбықтар.
Ақынға ерiп келе жатты –
тұтасқан –
жай ойнатып,
күркiреген бұлттар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Пойыздар

  • 0
  • 0

Қиырға зулап ұштым деп
темiржолдармен сабылып,
жұп-жұмыр жердiң үстiнде
пойыздар жатыр ағылып.

Толық

Қала

  • 0
  • 0

Көктемде
жапырақ шөптерде
жатқанда таң шығы –
ән салар

Толық

Ғасыр жаңбыры

  • 0
  • 0

Өз-өзiме қамалып
Ойға батып өшпеген, –
Шықтым сыртқа қабарып
Сұп-сұр күңгiр кеште мен.

Толық

Қарап көріңіз