Эссе және өлең-жыр байқауы

Бұл менмін ерке қызы- әкешімнің!!!

Еркетай боп еркелеп жүретұғын,
Еркетай жыр арнайды міне бүгін.
Әкешім еш ауырма асырағын
Үйді ойлап көрмедің-ау мүлде тыным.

Үйреттің бар асылды бала кезде,
Есейдім өсті бүгін сана лезде
"Әке орты жездедей-ақ", дейді бәрі
Келіспеймін. Саған жетпес ешбір жезде.

Жыр арнадым әке сені мақтау үшін,
Төздің талай берекені сақтау үшін.
Сенгендіктен маған үміт артып едің,
Талпынамын, үмітіңді ақтау үшін.

Балалықпен қате жасап еркеледім,
Алып жүрдім тәрбиеңнің ең керегін.
Әкетай күрсінбегін қуана бер,
Артыңда еркетайың мен келемін.

Түсінемін әкетай күйіңді анық,
Уайымдаумен жүрсің ғой күйіп-жанып
Алаңдама, алға қарай шабудамын,
Тәрбиеңді санама құйып алып.

Щабытыма шабыс бердің, жырыма сен,
Алға қарай шабуда қызың сенің.
Қай жерде жүрсемдағы мақтанамын-
Бұл менмін "Ерке қызы әкемнің"-деп!!!


Басқа да өлеңдері



Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек міндетті түрде болу керек (тырнақшасыз) .
Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады. Қателіктер болмауы үшін нұсқаулықтармен танысып алыңыздар. Автор деген жері бос қалып, авторы өзім деген белгі басылу керек.

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...