Өлең, жыр, ақындар

Қала

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 451
1. ТАҢЕРТЕҢ
Көктемде
жапырақ шөптерде
жатқанда таң шығы –
ән салар
Кiлттiң сылдыры,
Басталар
Есiктiң тарсылы.
Созылып бiржола қалғандай
басқыштар,
гармондай –
дiкiлдеп жүгiрген аяқтан
ұстап ап ырғақты
жаңғырып жырлап тұр.
Ауыр ырғалып,
«БелАЗ» бен «КамАз»-дар
шығады
ауылдан, гараждан.
Дайындап өздерiн
күн сыйлар салмаққа, –
айнала асығыс,
айнала аптығу...
Кергiлеп қолдарын жан-жаққа
крандар
жасап тұр ертеңгi жаттығу.
Ыңыранар
экскаваторлар
қарлығып, жөтелiп –
Темiрқазықты айналған
Жетiқарақшы сияқты
Ожауын кетерiп.
Сымдардың бойында
сәулелер жалтылы.
Көп қатар жаңа үйлер —
ұясы араның...
Металдар шыңылы,
моторлар солқылы
көтерiп барады
денесiн қаланың.

2. ТҮСТЕ
Көшеде,
алаңда
аңқиды
жанармай,
жағармай.
Талдар тұр
ұйып, ұйысып.
Аңқиды қаланың үстiнен
тер,
тiршiлiк,
газдар мен
гүлдердiң иiсi!
Қапырық.
Тымырсық.
Тоқтайды автобус, таксилер
аялдамаларда ыңырсып.
Тыныштық.
Жайы жоқ ешкiмнiң
бiр жаққа бел шешiп,
бет алған.
Күннiң табынан
қызады плита пештердей
темiрбетондар.
Үйлерде желдеткiш
құп-құрғақ ауаны
пырылдап сауады.
Ұстайды қара сымдардан
құлап қалардай
теңселiп трамвай.
Қала ашады
терезе есiгiн
ыстыққа шыдамай.
Дем бiтiп қалардай
мынау тымықтан
шықпаса кенеттен
қара бұлттар.
Оттегi жастықты
сөгедi
найзағай жарқылдап...
Азонмен демалып
тұр қала салқындап!

3. ТҮНГI ОТТАР
Құбылған шұғыла
көздi тартады.
шашырап
шашақ лақтырған
қала дәп қазiр
оттар фонтаны.
Телмiрiп қарайды
телемұнара
алыстан хабар ап.
Жатқандай бейне бiр
қаланың денесiн
найзағай аралап.
Сенде де от болса
оттардың ағыны ол.
Шамдары сөнбеген
көп қатар үйлерiм
электртаблом.
Оттар жанады,
оттар сөнедi.
От болып сөйлейдi
өлеңiм.
Түнгi көшелер
оттардың торлары.
Жарықпен жуады
қараңғы мүйiстi
машина фарлары.
От болып шашырап,
От болып құбылам.
оттарға сүңгимiн
оттарға жуынам.
Жуынам оттарға,
жуынам.
көңiлде көлеңке,
қараңғы мүйiстер
қалмасын,
қалмасын деп ендi жуынам..
сөйлейдi оттардың тiлiнде
айқайлап аншлаг...
барады...
трамвай сымынан
уыс-уыс боп
оттар тамшылап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Не керек?

  • 0
  • 0

Жоқ кезiмде бермей
Бар кезiмде бергенiң
Не керек?
Тар кезiмде көрмей

Толық

Киіз үй

  • 0
  • 0

Орман да емес мекенiң.
Аңғар да емес мекенiң.
Жарлар да емес мекенiң.
Кеңiстiк — сенiң, мекенiң.

Толық

Қазақ тағдыры

  • 0
  • 0

Қазақтың тағдырын
Ойлап қарасаң
Өз өзiңнен түршiгiп,
Өз өзiңнен тоңасың:

Толық

Қарап көріңіз