Өлең, жыр, ақындар

Пойыздар

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 218
Қиырға зулап ұштым деп
темiржолдармен сабылып,
жұп-жұмыр жердiң үстiнде
пойыздар жатыр ағылып.
Көзiмдi тiгiп алыстан
оларға қанша үңiлсем, –
пойыздар,
пойыз,
пойыздар
сөйлемдер дерсiң жүгiрген.
Өткенiн боздап үн қатып
көрсең-ақ сенi ой меңдер,
жер үстiн жатқан шулатып
пойыздар –
ұлы сөйлемдер.
Солқылдап соғып сiлкiнiп,
қалалар менен даламда
жататын ағып күн-түнi
үтiр мен нүкте жоқ онда.
Қаншама сырлар,
жырлар бар.
түсiн сен мейлi,
түсiнбе.
Қаншама шаттық,
мұңдар бар
осынау Сөйлем iшiнде.
Жеткiзер қанша жандарды
барамын деген жағына ол.
Қаншама бақыт,
арманды
арқалап бара жатыр ол.
Олардан қанша ой көрдiм
көз тiгiп қиыр шалғайдан.
...Зырлаған сол бiр сөйлемнiң
рельсi аман болғай да.
Жабығып, бiрде сағынып
шаттық боп,
мұң боп ұштым деп
сөйлемдер жатыр ағылып
домалақ жердiң үстiнде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұл дүниеге қарасам

  • 0
  • 0

Бұл дүниеге қарасам
Ойым онға,
Санам санға бөлiнедi.
Кеудемдегi жүрегiм

Толық

Түрмеге ұя салған қарлығаш

  • 0
  • 0

Құдай-ау,
Азат қарлығаштың
Түрмеге ұя салғаны несi?
Бостан еркiндiгiн

Толық

Қуғын-сүргін заманы

  • 0
  • 0

Ұлы Далам,
Ұлы Елiмдi қуғынға салды.
Көз көрiп,
Құлақ естiмеген

Толық

Қарап көріңіз