Өлең, жыр, ақындар

Бақыт

Бақыт деген -ата-анаң,бауырың.
Солар болар қалқаның мен қаруың
Шатастырма бақыт пенен мансапты.
Бақыт деген жұлдыз болып жануың.

Бақыт деген -қасыңдағы достығың ,
Ал,оларсыз өтермеді бос күнің.
Арам досты алшақтатып шын досты
Тәңір өзі бақытыңа қосты күн.

Біз байлықтың байланғанбыз буына,
Қу заманның ұрттап ішіп уына
Байлық бар деп тәкаппар да болмағың
Шүкір еткің қара нан мен суыңа



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз