Өлең, жыр, ақындар

Су перісі

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 596
1
Су перісі жүзді өзенде көк мөлдір,
Толықсып ай төбесінен төккен нұр;
Құлашымен толқынды кеп соғады, -
Ақ көбікті айға шашпақ болады.

2
Өзен шулап, дөңбекшиді гүрілдеп,
Бұлт суреті толқынында дірілдеп;
Су перісі ғажап әнді салады,
Әсем үні жаңғыртады жағаны.

3
Оның әні: "Түбін көрсең суымның
Жарқыраған сәулесі ойнап тұр күннің;
Жарысып жүр алтын балық андыздап,
Қалалар тұр хрустальдан салғызған.

4
Судыраған құмды жастап басына,
Көлеңкелеп көк өрімдер астында,
Жатыр сабаз толқын айдап әкелген,
Батыр екен келген мұнда жат елден...

5
Ынтық болып, түнде барып талай біз,
Ширатылған жібек шашын тараймыз,
Талай-талай, шаңырқап бір шаңқай түс,
Бетінен де, аузынан да сүйгенбіз.

6
Қанша сүйсең құмарланып, ләм демей,
Жатады құр суық, салқын, үндемей.
Жатады ұйықтап, бетін беріп төсіме,
Демін алмай, сыбырламай түсінде".

7
Деп ару қыз көк өзенде төкті өлең,
Көңілін қозғап әлденені көксеген;
Жатты жосып өзен суы гүрілдеп,
Бұлт суреті толқынында дірілдеп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Эпитафия

  • 0
  • 0

Бақыл бол! Енді күн қайда
Көрісер бізге? Десе де,
Махшарда қауыстырғай да...
Кім білсін! Өзің кеше гөр!

Толық

Менің демоным

  • 0
  • 0

Жауыздық қана тілейді,
Жайлайды түнек аспанды,
Тілейді кілең дүлейді,
Ну жылап, дария тасқанды.

Толық

Портреттер

  • 0
  • 0

Ажарсыз һәм орта бойлы,
Көз ғана ойнар нұр балқытып.
Бала күнге тартады ойды
Маңдайында тұрған тыртық.

Толық

Қарап көріңіз