Өлең, жыр, ақындар

Менің демоным

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 348
1
Жауыздық қана тілейді,
Жайлайды түнек аспанды,
Тілейді кілең дүлейді,
Ну жылап, дария тасқанды.
Тілейді бүркек түндерді,
Іреңсіз ай мен тұманды,
Тілейді сайқал күлгенді,
Жанарда жатқан жыланды.

2
Жай тауып жаны тыңдайды
Өсекшіл, сорлы әлемді,
Діндарға және қыңбайды,
Алмайды берген сәлемді.
Жақсылық десе - зытады,
Жамандық кіріп түсіне,
Майданның шаңын жұтады,
Құнығып қанның иісіне.

3
Жас сәби келсе өмірге,
Ақтарып ащы кекесін,
Түтігіп үрей өңінде
Мазалар әке-шешесін;
Дүниеден біреу түңіліп,
Түсерде түнек молаға,
Отырар еді үңіліп,
Бұл бірақ медет бола ма?

4
Білемін, жүрсем тірі боп,
Менен де қалмай екі елі,
Керемет оттың нұры боп,
Кеудемді кернеп өтеді;
Көрсетіп кемел өнеге,
Алдантып мендей пақырын,
Бақыттан сосын о неме
Қалдырар мені мақұрым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Махаббат, бақыт мезі ғып

  • 0
  • 0

Махаббат, бақыт мезі ғып
Жіберген; мұңға көндігем.
Шалдуар шақтан безініп
Кешпекпін ғұмыр енді мен.

Толық

Түн

  • 0
  • 0

Түсімде өлген екем кәдімгідей,
Кеудеден жан босанып, тәнін білмей,
Әлемді енді шарлап кетпек еді,
Кенеттен алды билеп жанымды үрей.

Толық

Баллада

  • 0
  • 0

Мекендеп Бургос жолын жүр деседі
бір сопы дара, тағы.
Күбірлеп тек құдаймен тілдеседі
еске алып садақаны.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар