Өлең, жыр, ақындар

Портреттер

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 363
1
Ажарсыз һәм орта бойлы,
Көз ғана ойнар нұр балқытып.
Бала күнге тартады ойды
Маңдайында тұрған тыртық.
Шашы қара, мінсіз қара,
Тең қараша түніменен.
Боп-боз ерні үнсіз ғана,
Сөйлер тәңір тіліменен.
Барынша бет бақтырмайды,
Сезсе болды жайды басқа
Атақ-даңқты жақтырмайды,
Еркіндіктен айырылмас та,
Бұл пәниден сырын бүкті,
Бақыт көзге түссе, күлді.
Сүю, қимау, зұлымдықты
Көрді жалғап түс секілді.
Жан біткеннен жатырқады,
Ол деп жалқы туады Ай, Күн.
Жапан түзде жапырақты
Дауыл солай қуалайтын.

2
Тым толықтау болғанымен,
Біздің батыр күйректеу.
Қайғы оны алып қолға кілең,
Көңілденер сиректеу.
Бір боп Парнас санатында,
Сыйлап Мәскеу қыздарын,
Кәрі Пегас қанатында
Шарлар қиял құздарын.
Ойсыз көзін бір төңкеріп,
Ыңғай баппен киінер.
Бұлтиған тоқ ұртын көріп,
Әр-ақ адам сүйінер.

3
Ішіп-жейді көздерімен
Қу, қызғаншақ құдайсыз;
Әр сәт сайын өзгерілген,
Хауіпті айла, сөздерімен,
Зұлым несін сұрайсыз!..

4
Бәрі бекер бұл пәниде деп
Тауысты ол қанша айды.
Ал, ішінен атақ-даңқты
сұмдық қатты аңсайды.
Қалмайды әсте күлгенінде ес,
Сүйеді өмір, жас күнін.
Табиғаттың білген де емес
Мол сырының тасқынын.
Орнықты да тұрақты,
Отты емес-ау, бірақ та.

6
Жан қинауды жаратпайды,
Демалып дер кезінде.
Маңына да жолатпайды
Қарсы апатты сезімге.
Баспайды оған арбасаң да.
Төңірекке ерініп
Көз сап қояр, анда-санда
Қыбырлатып ерінін!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қара көз

  • 0
  • 0

Көп қой жазғы түн жұлдызы,
Сенде неге екеу-ақ.
Оңтүстіктің қара көзі,
Кездестік-ау бекер-ақ.

Толық

Күз

  • 0
  • 0

Далада жапырақ сарғайды,
Ұшады қалтылдап, мұңданып.
Тек шырша бір күйден аумайды,
Көк жасыл көркінде ырғалып.

Толық

Теңіз ханшасы

  • 0
  • 0

Теңізде ат шомылтқан бір ханзада
Естіді үн: "Ей, ханзада! Маған қара!"
Ат осқырып, құлағын шүйіреді,
Тулай жүзіп ілгері шүйіледі.

Толық

Қарап көріңіз