Өлең, жыр, ақындар

Бүгін мен батып жатқан қайығыңмын

Бүгін мен батып жатқан қайығыңмын
Ескегім жоқ өмірде, желмен ағындым.
Батып кетпеуге қанша ұмтылсамда
Ескегі бар өзі жүретін қайықты сағындым.

Бүгін мен қанаты жоқ құс пен бірдей
Ұшам деп жарға тағы ұмтыламын.
Секіріп кете бергенде енді сермей,
Тұзаққа тағы неге тұтыламын?

Бүгін мен жүрегімнінң тұтқынымын,
Бос кеуде, соқпайтын жүрек құтынымын.
Жүрегімді ерітер жүрек болса егер
Сол жүректің ертеңгі мен ұсқынымын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз