Өлең, жыр, ақындар

Эпитафия

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 466
Бақыл бол! Енді күн қайда
Көрісер бізге? Десе де,
Махшарда қауыстырғай да...
Кім білсін! Өзің кеше гөр!
Бақыттың дәмін татпадым
Сен өмір сыйлағанменен;
Ешкімнен опа таппадың...
Мен ғана сені ұға алған ем.
Сергелдең ғұмыр өткердің.
Тұл тобыр табыт алдында
Көз жасын көл ғып төкті енді...
Қабарып, қатып қалдым мен.
Иісалмастар ашынып
Мансұқтап, талмай табалар:
Дәл осы күнді асығып
Күткендей көрді мені олар.
Кіл даңғой! Шуға берілген,
Сыр бермей күйзелгеніңнен
Ұқпайды бәрі бекерін,
Жас төгу оңай екенін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мөп-мөлдір жанарың жанады

  • 0
  • 0

Мөп-мөлдір жанарың жанады
Аспандай көгілдір
Сүйістей баурап бір барады
Әніңді төгілдір.

Толық

N...N-ға

  • 0
  • 0

Ойнама менің қайғыммен
Ажырап қалған ай, күннен.
Өткенді еске алсам-ақ
Төрешім құдай, бір құдай

Толық

Жыр

  • 0
  • 0

Нұрлы елесті күйттеп жалған,
Өткен күндер тоятты,
Құмарлықты ұйықтап қалған
Неге ғана ояттың?

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар