Өлең, жыр, ақындар

Қар көңілім жауып тұр

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 230
Өзің келіп мынау күйден сауықтыр,
Бассалуға оқталады бөрі- мұң.
Сағынышын баса алмаған жауып тұр,
Саған деген менің аппақ көңілім.

Қар көңілім жауа түсші дамылсыз,
Елжіресең жылап ағып кетерсің.
Сенің мынау шексіз еркелігіңді,
Сезімі бар жүрек қана көрерсін.

Сағыныштан сартап болған даланы,
Сеннен өзге қандай бояу көркемдер.
Тағы мені жалт қаратты өзіне,
Есігімді жұлқи ашып тентек жел.

Елжіреуге шақ қалғанда қар көңіл,
Жел шықты да тозаңдарын ұшырды.
Құлап түскен түйіршіктің бұтақтар,
Мәңгілікке бұйырмасын түсінді.

Әбігерге салғанымен даланы,
Тентек желдің қайтуы тез ызадан.
Ештеңе де әсер ете алмастай,
Зеңгір көктен көз алмайды құз- адам.

Тәтті ұйқыда балбыраған сәбидей,
Көз ұшында бұлдырайды мамық- қыр.
Көп күтуден құралатын пәни ғой,
Қар көңілім жауып тұр……



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Неге аға жыладың

  • 0
  • 0

Неге аға жыладың жылатты кім,
Тауды теңіз басқандай бұлақты құм.
Сырлы ыдыстан мезгілсіз төгілмейтін,
Қағып кетті оқыстан сынапты кім?

Толық

Қызыл шашты қыз

  • 0
  • 0

Жырларымның лебімен ығыстырсам күз бұлтын,
Қысылғаннан аспанның шеті тартар қызғылтым.
Қымсынғанда менің де қызарады жүздерім,
Сырласама менімен қызыл шашты қыз-қырқын?!

Толық

Жылап тұрсың дейсің бе?

  • 0
  • 0

Жылап тұрсың дейсің бе бала сынды,
Жылағам жоқ,көңілім аласұрды.
Сағынғаным болмаса туған жерді,
Сағынғаным болмаса анашымды.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер