Өлең, жыр, ақындар

Шаршадым...

Мен шаршадым, қарағым білесің бе?
Әлім жоқ мына өмірмен күресуге
Шаршайтындай не істедің деп күлесің
Мен шаршадым уақытқа ілесуден

Мен шаршадым, қарағым білесің бе?
Жақсылық пен жамандықтың күресінен
Кінә тауып жүргенде бірінің бір ісінен
Құр қалмасын өзінің үлесінен


Ішкі әлемі адамдардың тарлығынан
Мен шаршадым қарағым барлығынан
Жете алмай уақытқа шаршап тағы
Тіршілігі мына өмірдің шаршатады.

Қылмыскерден пара алып пана болған
Шаршадым мен, шаршадым парақордан
Өзге емес қазақ қызы зорланғанда
Қан жүрегім тағы да жара болған

Науқастарға қателесіп дәрі берген
Мен шаршадым шала-сауат дәрігерден
Ақша беріп, көкірек керіп оқығандар
Қалай беред(і) науқасқа жедел жәрдем?

Адам ұрлап, жер сатып пайда көрген
Мен шаршадым, сатушы, саудагерден
Тым құрыса таразыдан жеп қалсам деп
Саудагерлер неге мұнша пайдакүнем?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар