Өлең, жыр, ақындар

Қызыл шашты қыз

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 655
Жырларымның лебімен ығыстырсам күз бұлтын,
Қысылғаннан аспанның шеті тартар қызғылтым.
Қымсынғанда менің де қызарады жүздерім,
Сырласама менімен қызыл шашты қыз-қырқын?!

Күмбір қағып кеудеңде шертілмеген күй арман,
Тым болмаса қол бұлғап шақырмайтын жійі алдан.
Ойға батып қыздарға ұзақ қарап отырам,
Екі беті бүлк етпей, қара шашы ұялған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біздің тау

  • 0
  • 0

Өлең жырдан ажырамас бір елі,
Біздің мекен батырлар мен жыр елі.
Алтай таудың төбесінде жатқан қар,
Басқа қарға миығынан күледі.

Толық

Досыма

  • 0
  • 0

Гүл жамылып тұрса да төңірегі,
Мынау қала елсіздей көрінеді.
Тым болмаса досым-ау бір келіп кет,
Өзің келмей табылмас көңіл емі.

Толық

Өткен күндер мазалады көп мені

  • 0
  • 0

Өткен күндер мазалады көп мені,
(Күлген бейнең көз алдымнан кетпеді).
Біздерге ортақ ештеңе де жоқ деме,
Ай менен күн бар жұлдыздар, оттегі.

Толық

Қарап көріңіз