Өлеңдер бөлімі

Балғабек Қыдырбекұлы

Балғабек Қыдырбекұлы (15.4.1929, Алматы облысы Жамбыл ауданы Таран ауылы — 25.6.1995, Алматы) — журналист, жазушы.
ҚазМУ-ді бітірген (1950). Қазіргі “Егемен Қазақстан” газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған (1960 — 73). 1983 — 1987 жылдары осы газеттің бас редакторы. Қазақстан журналистер одағы басқармасының төрағасы болды. Алғашқы фельетондар жинағы “Ешкімге айтпа” деген атпен 1962 жылы жарық көрген. “Шайтанның шатағы” (1966), “Қара сандық” (1969), “Маздаған шырақ” (1971), “Ұрының еншісі” (1972), “Ақпа құлақ” (1978), “Алатау” (1—2 кітап, 1986, 1991), “Ақымақтың миы” (1993), “Түгел сөздің түбі бір” (1993), “Қым-қиғаш жылдар” (1993), “Қайран Ораз” (1999), т.б. кітаптары жарық көрген. Балғабек Қыдырбекұлы өз шығармаларында халық тарихын, ірі тұлғалар бейнесін сомдаған. Қазыбек бек Тауасарұлының жазбалары деп саналатын қолжазбаны (“Түп тұқияннан өзіме дейін”) тауып, кітап етіп шығарды. Қаз КСР Жоғ. Кеңесінің екі мәрте (1983, 1990) депутаты болып сайланды. Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы ордендерімен марапатталған.


Туындылары