Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (13) Мақал-мәтелдер (11) Ұлағатты сөздер (19)

Бақсы көрінсе, дерт қозады,
Ұста көрінсе, таға тозады.

Ілмектер: денсаулық, дерт

Балапанды торғайлар
Өрт болмасын тілейді.
Балаларға аналар
Дерт қонбасын тілейді.

Ілмектер: балапан, ана, бала, дерт

Тер шықпаған кісіден,
Дерт шықпайды.

Ілмектер: дерт, денсаулық

Денсаулықпен тең түсер досың жоқ,
Дерт-кеселмен тең түсер қасың жоқ.

Ілмектер: денсаулық, дерт

Бақ оралса басыңа,
Дос жиылар қасыңа,—
Егініңді ел салысар,
Қырманыңды ел алысар,
Наныңды ел жабысар,
Малыңды ел бағысар,
Бақ кеткенде басыңнан —
Жоқтан бәле жабысар,
Егініңді өрт шалар,
Сау басыңды дерт шалар!

Ілмектер: бақ, дос, дерт

Дерт атаулының ең қатерлісі – дүлейлік.

Ілмектер: дерт, мінез-құлық

Дене дерті өзіңді, мінез дерті басқаны қинайды.

Ілмектер: дерт, мінез, дене

Дерт батбандай кіреді, мысқылдап шығады.

Ілмектер: дерт

Қайталаған дерт жаман,
Қайта бұзған серт жаман.

Ілмектер: дерт, серт, жаман

Еңбексіз құраған дәулет,
Емсіз жабықсан дертпен тең.

Ілмектер: еңбек, дерт, дәулет, байлық

Денсаулық туралы мақал-мəтелдер.
1.Шынықсаң шымыр боларсың.
2.Адамның басты байлығы денсаулық.
3.Дана көптен шығады,
Дəрі шөптен шығады.
4.Бірінші байлық-денсаулық.
5.Ауырып ем іздегенге,
Ауырмайтын жол ізде.
6.Ауру батпандап кіреді,
Мысқылдап шығады.
7.Дерт көп, денсаулық біреу.
8.Демі бардың емі бар.
9.Ішің ауырса аузыңды тый,
Көзің ауырса қолыңды тый.
10.Арақ ішіп, темекі шеккен,
Денсаулықтың түбіне жетеді.

Ілмектер: шымыр, дəрі, шөп, ауру, денсаулық, арақ, темекі, батпандап, мысқылдап, дерт, ем