Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (12) Өлеңдер (67) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (3) Ұлағатты сөздер (13)

Ән — халық үні, оның шындығы, оның ойы мен сезімі

Ілмектер: ән, халық, ой, сезім Жамбыл Жабаев

Әр істің бір сәні бар.
Әр қимылдың өзінше,
Ырғағы бар, әні бар.

Ілмектер: іс, ән Сәкен Сейфуллин

Сурет салуға, мүсін жасауға, ән айтуға, өлең шығаруға қаншалықты талант керек болса, махаббатқа да соншалықты талант керек.

Ілмектер: сурет салу, мүсін жасау, талант, ән, өлең, махаббат Александр Куприн

Аққуды атуға, махаббатты қорғауға болмайды! Махаббат әні – аққу әні. Оның сұлу ырғағын естудің өзі адамның өмірдегі бір тәтті арманы емес пе?! Әрине, аққуды ататындар да, махаббатты қор ететіндер де табылады. Бірақ олар дүниенің қызығын, сәнін түсінбеген бейшаралар. Олар үшін махаббат әні – аққу әні салынбайды. Ал қор болған махаббат зары – жаралы аққудың соңғы әні. Оның мұңына, оның зарына елжіремеген жүрек – ол жүрек емес.

Ілмектер: аққу, махаббат, жүрек, ән, зар Ілияс Есенберлин

Тіл жеткізбесті ән жеткізері де бар.

Ілмектер: тіл, ән Ғабит Мүсірепов

Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып келеді.

Ілмектер: ән, күй, құмар, бала, өмір, ғашық Мұхтар Әуезов

Билегенде, саған ешкім қарап тұрмағандай биле. Ән айтсаң, ешкім естіп тұрмағандай айт. Жақсы көрсең, сенің ешкім көңіліңді қалдырмағандай жақсы көр. Және бұл өмірде өзіңді жұмақта жүргендей сезін.

Ілмектер: би, ән, жақсы көру, өмір Марк Твен

Қызық емес пе, көзіңе көрінбейтін, қолға ұстауға келмейтін ән мен өлең ғасырлар бойы ел ойында қордалана беріпті, оята беріпті, сергіте беріпті.

Ілмектер: ән, өлең, ғасыр Ғабит Мүсірепов

Өлең айтушы әнпаз адамдарды жұртқа есерсоқ деп көрсетпей, есті деп қадірлі етіп көрсетуге тырысу керек.

Ілмектер: өлең, ән Сұлтанмахмұт Торайғыров

Қазақтай психофизикалық типтің азасын «Жігердей» кемерлейтін күй, «Қаракесектей» шыңғыртар ән жоқ.

Ілмектер: күй, ән, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Сурет салу үшін көзіңді жұмып ән салу керек.

Ілмектер: сурет, сурет салу, ән, нақыл, афоризм Пабло Пикассо

Ән есті болса, жүйелі тәртіпке, есер болса, бейберекетсіздікке себепкер.

Ілмектер: ән, тәртіп, бейберекетсіздік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Тойсыз өмір өмір ме, семіріп толып өлдік қой, әнсіз өмір өмір ме, секіріп билеп болдық қой!

Ілмектер: Той, өмір, семіру, толу, өлу, ән, секіру, билеу Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев