Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (48) Өлеңдер (93) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (853)

Ешкімге пайдасы тимеген адам ешкімнен де пайдалана алмайды.

Ілмектер: пайда, Қоғам, адам, адамгершілік Әбу Яъзи Мағриби

Кейде ауыр жол адамды шынықтыратын да шығар, шынықтырамын деп, сынық қылатын да кез болады.

Ілмектер: Адам, нақыл Әкім Ысқақ

Бəрін түсіну мақсат емес,
Біліп тұрып түсінбеу жақсы ат емес.

Ілмектер: Адам, нақыл Әкім Ысқақ

Ақымақ адам қателессе, оны біреуге аударуға тырысады.
Ақылды адам қателессе, оны өзі түзей бастайды.

Ілмектер: Адам, нақыл, адамгершілік Бейсенбай Кенжебаев

Адам ойының портретін жүзінен көруге болады.

Ілмектер: адам, ой Ғабит Мүсірепов

Өмір бір-ақ рет беріледі, жарқ етіп өте шығады. Сондықтан да, әр күніңді ардақта, әр мезетіңнің құнын біл!

Ілмектер: өмір, адам, нақыл Ыбырай Жақаев

Жоспар — білімді адамдардың арманы.

Ілмектер: жоспар, арман, адам Эрнст фон Фейхтерслебен

Құйрық атып құлия,
Түлкідей қашқан жылмия.
Қараңды үзіп барасың,
Бізден де, қайран дүния.

Ілмектер: адам, өмір, дүние, нақыл, афоризм Шәңгерей Бөкеев

Адамдарды таныған сайын, өзімнің итімді қатты қадірлеймін.

Ілмектер: қадір, адам, нақыл, афоризм Сократ

Өзінің ақыл-ойын артықша бағалайтын адамды үйреткісі келетін кісі уақытты босқа шығындайды.

Ілмектер: ақыл, уақыт, адам, үйрету Демокрит

Дұрыс сөйлем құру үшін қатесіз сөз бен көркемдік қажет. Ал дұрыс өмір сүру үшін де қатесіз шешім мен мағыналы, мәнді мақсат қажет.

Ілмектер: адам, нақыл Әкім Ысқақ

Хосраудан біреу:
-Кімдердің ақылды болғанын қалар едің?-деп сұрағанда, ол:
-Жауларымның ақылды болғанын қалар едім, себебі ақылды адамдар зұлымдық ойламайды. Ал ақымақтар зұлымдық істемей тұра алмайды-депті.

Ілмектер: адам, нақыл Абуль-Фарадж (араб ақыны)

Тыныштықты іздей берудің қажеті жоқ. Оның соңы мүлгу мен қалғуға алып баруы мүмкін.

Ілмектер: адам, нақыл Әкім Ысқақ

Өзіңді-өзің түсіңбесең, өзге сені қалай түсінсің?!

Ілмектер: адам, нақыл Әкім Ысқақ

Ашулы адам ешқандай пайдасыз басқаларды зәбірлейді.

Ілмектер: ашу, адам, нақыл, афоризм Сократ

Бұл ғаламда тұзақты да, тұсау-тұсамысты да туабітті танымасқа жаралған біреу бар: ол – адам.

Ілмектер: адам, ғалам, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Адам — ардақты ат.

Ілмектер: адам, адам туралы Максим Горький

Тәрбие - адам тағдырын шешетін ұлы іс.

Ілмектер: тағдыр, адам, тәрбие, нақыл, афоризм Виссарион Белинский

Адамның тәндік жаратылысының дамуының негізгі көрсеткіш – денінің саулығы.

Ілмектер: адам, денсаулық, нақыл, афоризм Әл – Фараби

Өзгенің пікірін иемденіп кету – надандық һәм ниеті арам адамға лайық іс.

Ілмектер: пікір, надандық, ниет, арам, адам, нақыл, афоризм Әл – Фараби

Пікірлер