Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (426) Ұлағатты сөздер (1)

Бесіктегі баланың бек боларын кім білер?

Ілмектер: бесік, бала, қырғыз мақалы

Ел ішінде жұрт жүреді,
Ет ішінде құрт жүреді.

Ілмектер: ел, ет, құрт, қырғыз мақалы

Атқа жеңіл – тайға дәл.

Ілмектер: ат, тай, жеңіл, қырғыз мақалы

Жалды болса – ат,
Жағалы болса – тон.

Ілмектер: жал, тон, ат, қырғыз мақалы

Бөдененің ұясын көр де, етіне өкпелеме.

Ілмектер: бөдене, құс, ұя, өкпе, қырғыз мақалы

Есегі бір теңге,
Тоқымы мың теңге.

Ілмектер: есек, құн, теңге, ақша, қырғыз мақалы, тоқым

Күлшелі бала сүйкімді.

Ілмектер: бала, қырғыз мақалы

Тұлпар тұяғы дүбірде қызады.

Ілмектер: тұлпар, қырғыз мақалы

Байды бәлекет басса, жортуыл бастайды.

Ілмектер: бай, қырғыз мақалы

Қатыны жақсының –
Байы да батыр.

Ілмектер: жақсы, қатын, қырғыз мақалы

Дау ескірмейді,
Асыл шірімейді.

Ілмектер: дау, асыл, қырғыз мақалы

Атан өлсе, тайлақ бар –
Қомы жерде қалмайды.

Ілмектер: тайлақ, атан, қырғыз мақалы

Деген екен, деген екен –
Бір қоянды бір қоян жеген екен.

Ілмектер: қоян, қырғыз мақалы

Жасында жігіт оқталады,
Қартайғанда тоқталады.

Ілмектер: жігіт, жастық шақ, кәрілік, қарттық, қырғыз мақалы

Еңкейгенге еңкейгің,
Басың жерге тигенше.
Шалқайғанға шалқайғың,
Төбең көкке тигенше.

Ілмектер: қырғыз мақалы, қарым-қатынас

Қоян терісі бір күндік.

Ілмектер: қоян, тері, қырғыз мақалы

Бойына біткеннен кейін тумай қоймайды.

Ілмектер: қырғыз мақалы

Май сасыса тұз бар,
Тұз сасыса не бар?

Ілмектер: май, тұз, қырғыз мақалы, ас, тағам

Егеуге бергісіз үскі бар,
Екеуге бергісіз күшті бар.

Ілмектер: егеу, үскі, күш, қырғыз мақалы

Быламықтан да тіс сынады,
Ақша қарда да аяқ сынады.

Ілмектер: тіс, денсаулық, қырғыз мақалы