Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (426) Ұлағатты сөздер (1)

Күшті күшсізді күйретеді.

Ілмектер: күш, күйреу, қырғыз мақалы

Биің алаң болса,
Жұртың ылаң болар.

Ілмектер: би, жұрт, қырғыз мақалы

Қасап та өзі,
Пышақ та өзі.

Ілмектер: қасап, пышақ, қырғыз мақалы

Ашулының алдына шықпа.

Ілмектер: ашу, қырғыз мақалы

Жазған құлда шаршау жоқ.

Ілмектер: құл, шаршау, қырғыз мақалы

Бақылдаған текені су көшкенде көрермін.

Ілмектер: су, көшкін, теке, қырғыз мақалы

Астық көп болғанмен, оны екі жыл жемейді.

Ілмектер: астық, жыл, көп, тағам, ас, қырғыз мақалы

Жетпеген – жікшіл.

Ілмектер: жікшіл, қырғыз мақалы

Бәйге аттары қарайлас.

Ілмектер: бәйге, ат, қырғыз мақалы

Елін сағынбайтын ер болмайды,
Үйірін сағынбайтын ат болмайды.

Ілмектер: ел, сағыну, үйір, ат, қырғыз мақалы, сағыныш

Жалғыз өгіз қос болмайды.

Ілмектер: жалғыздық, өгіз, қырғыз мақалы

Қар да кетер,
Қадір де өтер.

Ілмектер: қар, қадір, қырғыз мақалы, өткінші

Баланың жылағаны –
Емшек сұрағаны.

Ілмектер: бала, жылау, қырғыз мақалы

Есебін ептеп білеміз,
Есегін қайтіп мінеміз.

Ілмектер: есеп, есек, қырғыз мақалы

Күлкісін іріккен жаннан түңіл,
Шала бүріккен жауыннан түңіл.

Ілмектер: күлкі, жауын, түңілу, қырғыз мақалы

Базар барға – балдай,
Жоққа – зәрдей.

Ілмектер: базар, бар, бай, кедей, қырғыз мақалы

Қауыншыға қабық қымбат болмайды.

Ілмектер: қабық, қымбат, қырғыз мақалы

Бұзау мұз жалайды,
Торпақ тұз жалайды.

Ілмектер: мұз, бұзау, қырғыз мақалы

Бұрын барған қоныс алады,
Кейін келген сөгіс алады.

Ілмектер: қоныс, бұрын, сөгіс, қырғыз мақалы

Бергенін алған –
Наданның ісі.
Ішкенін құсқан –
Жаманның ісі.

Ілмектер: надан, жаман, құсу, қырғыз мақалы