Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (8) Мақал-мәтелдер (116) Ұлағатты сөздер (6)

Жарлы болатын жігітке
Қазалы мал тап болар.
Жалғыз болатын жігітке
Бедеу қатын тап болар.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, жігіт, қатын

Ердің құны жүз жылқы, қатыны мың жылқы.

Ілмектер: ер, құн, жылқы, қатын

Тазалығы қатынның
Тарағынан белгілі.
Батырлығы батырдың
Жарағынан белгілі.

Ілмектер: қатын, тазалық, батыр

Алған қатын ақылды, ізгі болса,
Ол еріне жан болар.
Ақымақ, жауыз болса,
Құр жұмысқа жар болар.

Ілмектер: қатын, ақылды, ізгі, ер, ақымақ, жауыз, жұмыс

Ат алсаң, ауылыңменен ақылдас,
Қатын алсаң, қауымыңменен ақылдас.

Ілмектер: ақылдасу, ат, қатын, ауыл, қауым

Қатының тентек болса,
Қамшың жуан болсын.

Ілмектер: қатын, қамшы, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Базарда пұлы бардың көңілі тоқ,
Қатындардың, қарасаң, опасы жоқ.

Ілмектер: базар, пұл, көңіл, опа, қатын

Байтал — жүйрік, парқы жоқ,
Қатын — шешен, нарқы жоқ.

Ілмектер: Байтал, қатын, шешен, жүйрік

Бақа сисе, көлге сеп,
Жақсы қатын малға сеп.

Ілмектер: бақа, көл, қатын, жақсы

Баланы жастан үйрет,
Қатынды бастан үйрет.

Ілмектер: бала, қатын

Батыр кісі әр қатыннан туады,
Әділ кісі бір қатыннан туады.

Ілмектер: батыр, әділ, кісі, қатын

Хан жарлығынан
Қатын жарлығы күшті.

Ілмектер: хан, қатын

Болатын елдің баласы
Бірін бірі:
«Батыр!»дер.
Болмайтын елдің баласы
Бірін бірі:
«Қатын!» дер.

Ілмектер: бала, ел, батыр, қатын

Судағы қайыққа сенбе (кемеге)
Қойныңдағы қатынға сенбе,
Астыңдағы атыңа сенбе.

Ілмектер: су, қайық, қатын, сенім