Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (29) Өлеңдер (49) Мақал-мәтелдер (279) Ұлағатты сөздер (300) Әзіл, анекдоттар (2)

Ақыл — саған ізгі дос, әділ жолдас.

Ілмектер: дос, әділ, ақыл

Ақыл аста,
Қайрат жаста,
Асыл таста.

Ілмектер: ас, ақыл, тас, қайрат, жастық шақ, асыл

Ақыл бар жерде шындық бар, өтірік жоқ.

Ілмектер: ақыл, өтірік

Ақыл бастан шығады,
Асыл тастан шығады.

Ілмектер: ақыл, асыл, бас, тас

Ақыл бізді білімге жетелейді.

Ілмектер: ақыл, білім

Ақыл дария екен,
Көңіл дүлдүл екен.

Ілмектер: ақыл, дария, көңіл

Ақыл жас ұланнан,
Жүйрік тай-құнаннан.

Ілмектер: ақыл, жүйрік

Ақыл жастан шығар,
Жүйрік аттан шығар.
Ақыл қарттан шығар,
Асыл тастан шығар.

Ілмектер: ақыл, жас, жүйрік, ат, қарт, асыл, тас

Ақыл көркі — тіл,
Тілдің көркі — сөз,
Адам көркі — жүз,
Жүздің көркі — көз.

Ілмектер: ақыл, тіл, сөз, көрік, көз

Ақыл кіріп, қырықта әдеп білмесе,
«Адам емес» болар еді, кім десе!

Ілмектер: ақыл, қырық, адам

Ақыл-қайла болмайды тек жарлыда.

Ілмектер: ақыл, жарлы

Ақыл махаббат тұзағына тап келсе,
Қашарға жол іздейді.

Ілмектер: ақыл, махаббат, тұзақ, жол, қашу

Ақыл мен білім арманыңды іске асырады.

Ілмектер: ақыл, білім, арман

Ақыл надан басқа кірмейді,
Темір шеге тасқа кірмейді.

Ілмектер: ақыл, надан, темір, шеге, тас, бас

Ақылды адам аз жейді.

Ілмектер: ақыл, адам, аз

Ақылды адам нәпсісін тыя біледі.

Ілмектер: ақыл, адам, нәпсі

Ақылды адам өмір сүру үшін ішіп-жейді,
Ақымақ күнде ішіп-жеу үшін өмір сүреді.

Ілмектер: ақыл, адам, ақымақ, жеу, ішу, өмір

Ақылды адам сөзді орнымен айтып,
Жөнді жауап күтеді.

Ілмектер: ақыл, адам, жауап, сөз

Ақылды адамға екі дүниеде де жол ашық.

Ілмектер: ақыл, дүние, екі, жол

Ақылды болу сараңға да жарасады.

Ілмектер: ақыл, сараң