Өлең, жыр, ақындар

Саусақтан күй төгілдір

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1252
Шертші, қызым, саусақтан күй төгілдір,
Жазғы аспандай жадырасын көңіл бір.
Қасірет болса оны кейін шегіндір,
Көрейінші көк теңіздің шегін бір.
Қырда қызыл қызғалдақтар қауласын,
Ақ толқындар жамырассын, аунасын,
Ғашықтардың кірпігіне жас тұнып,
Жан сезімін балқытсын да, баурасын.
Шертші, қызым, күйге бөліп түн ішін
Көл бетінде тұнып қалсын күміс үн.
Құдіретіне сиқыры мол сырлы әннің,
Менің дағы ашылар ма тынысым.
Ойна, қызым, бақта бұлбұл сайрасын,
Қыз дүние құлпырсын да жайнасын.
Осындай шалқып кетер шалқыма
О, ойнақы от сезімдер, қайдасың...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Толқын құшағында

  • 0
  • 0

Мынау жатқан Түркістан Шағасы ма,
Қыз толқынды үйірген жағасына.
Мен дағы тұнығына жүзіп кеттім,
Жанымыз үнсіз ғана жарасуда.

Толық

Ақ жеңешем

  • 0
  • 0

О дариға, жарын күткен жас келін,
Ол кезде сен гүлдей нәзік,жас та едің.
Түнгі аспанда жұлдыз күліп, ай туса,
Көз алдыма келер сенің қас-көзің.

Толық

Ақ боран

  • 0
  • 1

Гуілдейді ақ боран бұрқақтаған,
Әппақ, нәзік ұлпасын бүркеп маған.
Бара жатыр құйындар белдерді асып,
Торғын қарды үйіріп, ұнтақтаған.

Толық

Қарап көріңіз