Өлең, жыр, ақындар

Толқын құшағында

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1016
Мынау жатқан Түркістан Шағасы ма,
Қыз толқынды үйірген жағасына.
Мен дағы тұнығына жүзіп кеттім,
Жанымыз үнсіз ғана жарасуда.
Әлдебір төндірілген шарасың ба,
Ерекше бір сыр бардай қарасында.
Ерке толқын еркіңе берілейін,
Ешкімнің де хақы жоқ таласуға.
Толқын-толқын, барасың еліктіріп,
Көңілді көтересің желіктіріп.
Әлде оным батылсыздық болар ма еді,
Жүзбей кетсем жағаңа келіп тұрып.
Толқындар жамырассын, құшақтассын,
Жанымды бұл жастықтың күші ап қашсын.
Көл де көп, көбік шашқан толқын да көп,
Басқаға сені бірақ ұқсатпасын.
Бұл күні мен қатерден сақтанбаймын,
Буырқанып, бұрқырап жатсаң айдын.
Толқынның құшағына толқып барам,
Тек енді жан ләззатын тапқандаймын.
Сыр саусақ жан пернесін басып тұр ма,
Сыртта толқын, күй кеудем тасып нұрға.
О, тәңірім, толқынға өзің қауыштырдың,
Енді одан бөлектеуге асықтырма.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауылым

  • 0
  • 0

Ауыл үсті көк бұтақтаған,
Әрі таныс, әрі ыстық жақ маған.
Бейне бір мейірімді анаға ұқсас,
Маңдайынан баласын бір қақпаған.

Толық

Сыбдырлайды құрақтар

  • 0
  • 0

Көктем-ару, таң сәріден
жұпар иісін шашқанда,
Көңіл құс боп ұшты алысқа
тереземді ашқанда.

Толық

Құштарлық

  • 0
  • 0

Алатауға қонған бұлт,
Жауып барып ашылды,
Қасқа бұлақ,
Көк өзен,

Толық

Қарап көріңіз