Өлең, жыр, ақындар

Алтын күзге таныстыру (Армандастар әнімен)


Сегіз «а» - ның талантты жастарымыз,
Ұйымшылмыз,​ әнші-күйші жас ғалымбыз.
«Алтын күз» деп,​ жарысуда достарымыз,
Алға, алға, сыныптар!

Қайырмасы:
Әубәкіров мектебінің шәкіртіміз,
Гүлнұр апай анамыздай жетекшіміз.
Сегізінші «а» алға,
Бар өнерді сал да,
Жеңіп шыққын бұл жарысты қалайда?!

Тобымызға «Алтын дән» деп атау бердік,
Нан болмаса,​ ел болмасын талай көрдік.
Тоқшылықтың берекесі,​ ас атасы —
Мол болса екен алтын дән!

Күз айында жайма-шуақ Мизам келді,
Күн суытса күтеді ел Сүмбілені.
Елім аман,​ бейбітшілік заман болып,
Жасай берсін Қазақстан!

16.10.2022ж

Тапсырыс беру үшін байланыс номерім: +77002303625



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз