Өлең, жыр, ақындар

Ақ жеңешем

  • 28.10.2018
  • 0
  • 0
  • 3349
О дариға, жарын күткен жас келін,
Ол кезде сен гүлдей нәзік,жас та едің.
Түнгі аспанда жұлдыз күліп, ай туса,
Көз алдыма келер сенің қас-көзің.
О, дариға, жарын күткен, жеңешем,
Жыр толғасам, артық айттың деме сен.
Жүректегі сезіміңді лаулаған,
Айып етпе, нұрлы күнмен теңесем.
О, дариға, аңсаттырған күндер-ай,
Ақ жүзіңді алау еткен түндер-ай,
Ата-енеңнен сағынышты жасырып,
Ақтарылып айттың екен кімге жай.
Қайран жастық, қызығыңа тоймаған,
Қу соғыста сан арманын жойды адам.
Төсегіңе жас төгілткен шағыңды,
Ақ жеңеше, тебірене ойланам.
Жаным толқып бар ойымды айта алман,
Орның сенің бөлек-ақ қой жайсаң жан.
Ақ тілеуің болар ма екен көкемді,
Қан майданнан аман-есен қайтарған.
О, дариға, жарын күткен жас келін,
Ол кезде сен гүлдей нәзік, жас та едің.
Түнгі аспанда жұлдыз күліп, ай туса,
Көз алдыма келер сенің қас-көзің.

* * *

Бұл күндері ағарыпты самайың,
Ауырлықтың арқалаған талайын.
Анау әжім өрнектеген жүзіңе,
Таңданбаймын, тек қызыға қараймын.
Бұл күндері бір биік, қиясың,
Жанарыңнан мол мейірім құясың.
Бұл күнде сен ана бүркіт сияқты,
Құзар шыңға салатұғын ұясын.
Жұрт сүйсіне айтады өзің жайында,
Қадірлісің қайнағаға, қайынға.
Көкем сыртта, ал өзінше кей-кейде
Деп қоясың "осы күннен айырма". 



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Теңіз сыйы

  • 0
  • 0

Күрсінбейді, Балтық бүгін күледі,
Жырға толып шалқар теңіз жүрегі...
Жағажайда демалушы жұртшылық
Ертелі-кеш серуендеп жүреді.

Толық

Ақша қарда

  • 0
  • 0

Кіршіксіз
Қандай таза алғашқы қар,
(Түнеріп тау басында қалмас мұнар).
Ғажап-ау ұқсастықтар арадағы

Толық

Құмырадағы жас

  • 0
  • 0

О, сұм заман!
Елді елмен соғыстырған,
Жұрт қаралы,
Ерлерін соғыс қырған.

Толық

Қарап көріңіз