Өлең, жыр, ақындар

Солдат биі

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1557
(әні бар)

Қандай әсем айлы, жарық,
Самал ескен жазғы таң.
Ерке қызды еске салып
Күлімдейді ақ шолпан.
Туған жердің табиғаты,
Табиғаты,
Қандай көркем тамаша.
Әсемдете ән шырқатып,
Ән шырқатып,
Би билейік тамаша.

Қайырмасы:
Пай-пай, жараса,
Би билейік тамаша.
Пай-пай, таласа,
Би билейік тамаша.

Кел, билейік, бауырластар,
Думанды жас серілер.
Хат жазыпты ауылдастар,
Ару қыздар, перілер.
Қыздың отты жүрегінен,
Жүрегінен,
Қанатты күй күмбірлер.
Солдатпыз қыз сүйе білген,
Сүйе білген,
Біз билемей, кім билер.

Қайырмасы.

Арқалаған уақыт жүгін,
Батыр елдің ұлымыз.
Төккен бізге бақыт нұрын,
Аспанда ашық күніміз.
Кел, достарым, құрбыларым,
Құрбыларым,
Шаттық күйін төгейік.
Тасқындасын нұр бұлағы,
Нұр бұлағы,
Қатарымыз көбейіп.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыран

  • 0
  • 0

Қырандар бар қырымда самғайтұғын,
Қанаты қанша ұшса да талмайтұғын.
От көзінен мүлт кетпес қыр тағысы,
Шың да жоқ ол шарықтап бармайтұғын.

Толық

Сезім

  • 0
  • 0

Сезім — гүл, үзілсе солатын,
Сезім — құс, кеудеңе қонатын.
Сезім — жаз, жаныңды жылытқан,
Сезім — қыс, боранын ұлытқан.

Толық

Ақ Еділ

  • 0
  • 0

Ақ Еділ,
Асау Еділ,
Арындаған,
Ағыңнан бар ма кезең жарылмаған.

Толық

Қарап көріңіз