Өлең, жыр, ақындар

Сезім

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 3815
Сезім — гүл, үзілсе солатын,
Сезім — құс, кеудеңе қонатын.
Сезім — жаз, жаныңды жылытқан,
Сезім — қыс, боранын ұлытқан.
Сезім — тау, шыңына шыға алмас,
Сезімсіз жан түкті ұға алмас.
Сезім — көл, толассыз тулаған,
Сезімсіз еш адам тумаған.
Сезім — жар, құлап та кетесің,
Жаныңды жаралы етесің.
Сезім ғой — сусыным қанбаған,
Арман ол қанаты талмаған.
Сезіммен ұшамын биіктеп,
О, өмір, сезімді үйіп — төк.
Сезім боп осынау дүние
Титімдей жүрекке сыйып кет!
* * *
Сен неге мұңайып, күрсініп,
Ажарың ерекше жүр сынып.
Жаныңды жаралы етті ме,
Мына бір алдамшы тіршілік.
Жоқ әлде жат үндер жаңғырып,
(Сірә да жатпайды ол жанды ұғып).
Келгенде қыспаққа қиындау,
Қалды ма тасада жар бұғып.
Дұрыс қой бәрі де өзінше,
Доссынып сөз айтар көзіңше.
Жайда олар жайнаңдап жаныңда,
Таппассың жамандық көрінсе.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қиыла қарап артта...

  • 0
  • 0

Жүрекке —
Жанарынан от жандырып,
Жаныңды —
Жымиғаны шаттандырып.

Толық

Мен қашан...

  • 0
  • 0

Мен қашан сені ойламай көзімді ілдім,
Сенсең де,
Сенбесең де өзің білгін.
Хабарсыз жүрсең-дағы,

Толық

Жасыл жапырақ Қ.Н-қа

  • 0
  • 0

Тез болды барғаныңнан оралғаның,
Демеймін жүгі жеңіл жол-арнаның.
Сол елді қайта көріп,
Қайта құшу —

Толық

Қарап көріңіз