Өлең, жыр, ақындар

Ақ Еділ

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1414
Ақ Еділ,
Асау Еділ,
Арындаған,
Ағыңнан бар ма кезең жарылмаған.
Арнаңнан тасқын аунап өтсін қанша,
Арусың, пәктігіңнен арылмаған.
Ақ Еділ,
Асау Еділ,
Арындаған,
Марқайып кетеді екен жанында адам.
Толқындар ширатылып,
Шырқап биік,
Тосқандай сұлулықтың бәрін маған.
Ақ Еділ,
Асау Еділ,
Арындаған,
Құлшынып тағдыр күшке жалынбаған.
Кемелденген кезеңде келіп тұрмын,
Жырға орап жүрегімді жалындаған.
Қарасам өткен күнге салғастырып,
Шайдай ашық жанымда
Қалмас күдік.
Кесілесің астасып аспанменен,
Көк толқынмен ойымды жалғастырып.
Сырғыған сұлу толқын,
Сырнай дала,
Оңашада ақын жан тұрды ойлана.
Сағынышым сияқты ағасың ғой,
Арнаңды басқа жаққа бұрмай ғана.
Сезім бар,
Серілік бар тасқында да,
Сый етіп талай сырды тостың жаңа...
Жалтармай жан-жағыңа
Жөңкілгенің,
Жадында сенің жалғыз —
Каспий ғана!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Соқшы, самал

  • 0
  • 0

Соқшы, самал, дірілдетіп, сыбдырлатып
жапырағын ағаштың,
Көгілдір көк жүзіндегі ақша бұлттар
әрі ассын.

Толық

Әнге қосып..

  • 0
  • 0

Сағынармын, әнге дағы қосармын,
Сағыныштың бал шарбатын тосар күн.
Сағыныштан қайран төзім талықсыр,
Төзім деген —

Толық

Қайда сол бір

  • 0
  • 0

Қайда сол бір сен теретін,
Мен шашатын қызғалдақ,
Қайда сол бір дала әуені,
Айтылатын бізге арнап.

Толық

Қарап көріңіз