Өлең, жыр, ақындар

Ұлы тұлғаға арнау

Әр халық жақынымен мақтанады,
Қазақтар ақынымен мақтанады
Шебер сөзсіз дауды шығармаған,
Ақындар өлең жазбай,тұра алмаған.

Абай-дана,ұлы тұлға ақын деген,
Әдебиетті қолға алып үйренген
Ақын өлсе,өлеңі өлмейді ғой,
Өлеңдері биік шыңмен өрлейді ғой!

Ибраһим деп әжесі атап кеткен,
Халқы үшін әрдайым еңбек еткен.
Мен үшін ең бірінші ақын ол-
Талай-талай асулардан шыңға жеткен.

Абай ата тарихта орын алар,
Тұлғамыз ол ұрпаққа із қалдырар,
Ізбасары Шәкәрім шәкірттермен,
Көптеген үлгі болар өлең жазған.

Абай-мұра ұрпақтан ұрпақ жалғаған,
Ешбір сөзі елеусіз болып қалмаған
Үйреткен ақыл айтып өз жұртына,
Жастар үшін сабақ етіп жырлаған.




Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз