Өлең, жыр, ақындар

Кезіп келем...

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1318
Кейде бұлт, кейде дауыл, кейде жаңбыр,
Тыныштар күні бар ма, мына жан бір.
Отырсам үйім қапас, ішім алау,
Дей ме әлде,
Тыным таппа, кез де, қаңғыр...
Ал, кеттім, тымық түнді кезіп келем,
Осындай дертке жаным кезіккен ең.
Құрысы жазылған дененің де,
Жүрек неге шанышады, сезіктенем...
Алыстан үн естілді талып маған,
Көлеңке өтіп жатыр, танып қалам.
Біреуі сыңғырласа,
Бірі назды,
Кейпі бар, оның мендей тарықпаған.
Мейлі олар, күбірлесіп өте берсін,
Мейлі олар,
Мені мазақ ете берсін.
Түн тастай, үрей жанды билер емес,
Бұзақы, мастар жанап кете берсін.
Әйтеуір, бір батылдық билеп алды,
Көңілім төңіректен күйге қанды.
Түн сырын жұға берсем деймін қайтпай,
Жарылып кетсе дағы үйдегі әлгі...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалын

  • 0
  • 0

Көңіл — перне абайсыз басып қалып,
Толастады дауыл-күй,
Тасып барып.
Есіліп тұрсыншы бір сол нәзік ән,

Толық

Наз

  • 0
  • 0

Арманға құлшындырар сенім деген,
Жоқ, сірә, бөтендігің сенің менен.
Сәттілік көрген сайын қадамыңнан
Сергимін,

Толық

Аманат..

  • 0
  • 0

Мен бүгін қарап тұрмын тамашалап,
Мінеки, өмір-дағы жаңашарақ.
Кешегі биік деген аласарақ,
Жан толқыр, жаңалыққа қарасаң-ақ!

Толық

Қарап көріңіз