Эссе және өлең-жыр байқауы

ТІЛ - ЖАНЫМНЫҢ АЙҒАҒЫ

Қазақ деген жұртымменен мына менің жадымда,
Қасиет бар сатылмайтын қаншама көп алтынға.
Қанша ғасыр, қанша уақыт өтсе-дағы бас ием,
Қайсар рухты, өр тұлғалы ата-бабам алдында.

Бас игемін хандық құрған, билік еткен тағына,
Тағзым еткем дәстүр жолы, ата-бабам салтына.
Қазағымның тілі – байлық, тілден шыққан құнды сөз
Домбырамен төгілердей осы сөздер халқыма.

Тілім таза, солып қалған, маужыраған гүл емес,
Ол болғанда қайғыларға ешкім, сірә, қам жемес.
Тілім – шуақ, онда шуақ жанның, тәннің айғағы,
Тілім тұлпар, буырқыған шабысына дем бермес.

-Ей халайық, тіл дегенің ақыл, уақыт өрнегі,
Ақын жанның тілі ғажап, сұлу сөзі көрнекі,
Бізге берген бұл өлшеулі тартысты өмір жолында
Бақытыңды қаламасаң адамзаттың сөнгені.

Мұндай сезім бұл ғаламның түпкірінде болмаған,
Паш етуге өз тілімді айқын себеп бұл маған,
Бетке ұстар байлығына жөнсіз қарап, қол сілтеп
Өз тілінің пәктілігін қандай пенде былғаған!

Басқа да өлеңдері



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...