Өлең, жыр, ақындар

Жалын

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1390
Көңіл — перне абайсыз басып қалып,
Толастады дауыл-күй,
Тасып барып.
Есіліп тұрсыншы бір сол нәзік ән,
Сезімге жеңдіруге асықпалық.
Асықпалық сезімге жеңдіруге,
Ырқына көңілдердің көндіруге.
Кеудеде лапылдаған жалын күйді,
Хақымыз жоқ қой бірақ сөндіруге.
Сөндіруге хақымыз жоқ қой, жаным,
Бәр-бәріне өртенсең көп қой жалын.
Сағынатын кездер бар алдымызда,
Жас дәуреннің осынау отты ой таңын.
Жас болып па, өртке жан шалдырмаған,
Жан бе екен, артында із қалдырмаған.
Арман құшу өмірде ол да бақыт,
Осыны қиса болды тағдыр маған.
Бойлаймын тұңғиық ой тереңіне,
Тау дейді-ау,
Жазықта өскен төбені де.
Жандар бар биік шың боп жаралған бір,
Шың тұрғанда,
Төбенің керегі не.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тау аңғары

  • 0
  • 0

Сан жолдың тоғыстырған тарауларын,
Көріп пе едің құзар шың,
Тау аңғарын.
Нұрланады өзіне жинап алып,

Толық

Ақ қайыңдар

  • 0
  • 0

Ақ қайыңдар алқаптарды алқымдап,
Кешкі арай жатыр шынды алтындап.
Самал желмен желпінеді тау тұтас,
Бой жазып бір таза ауада салқындап.

Толық

Қос басында

  • 0
  • 0

Қандай жақсы, дүрліккен дала қосы,
Есіңнен кетпестей боп қалады осы.
Шардараны көңілді
Күйге бөлеп,

Толық

Қарап көріңіз