Өлең, жыр, ақындар

Баянтау

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1167
Неге оны Баян-жүрек атады екен,
Осынау тау жанға жылы ата мекен.
Бір кезде бабам көшкен қара нардай,
Созылып кеп жазыққа жатады екен.
Көк күмбезде ақша бұлт ұлпаланып,
Тау бұлақты ұрттап ап бүркеді анық.
Айна бұлақ ойнақ сап бара жатыр,
Жалт қарайды өзіңе, үрке қарғып.
Баян түр бойын көкке биіктетіп,
"Жоңғардан" сұлулықты жиып кетіп.
Нәп-нәзік гүлдер ерні албырайды,
Абайсызда тентек жел сүйіп кетіп.
Мынау не, тұлпарлардың іздері ме,
Мең салған жоталардың жүздеріне.
Қой тастар сусып түскен қыз шашынан,
Ұқсайды күміс шолпы тізбегіне.
Тау емес, төбе дерлік қараса анық,
Зар заман жас жүрекке жара салып.
Арқалап арулардың ауыр мұңын,
Қалған дейді тау содан аласарып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көгілдір тау

  • 0
  • 0

Жері сортаң тебе де аппақ, жол аппақ,
Жолдар жатыр жердің бетін жолақтап.
Өркеш таулар, қоңыр таулар тіркесіп,
Бұйра құмды жастаныпты созақтап.

Толық

Қарауытты

  • 0
  • 0

Көбіне тудырса да жатқа күдік,
Әлдеқайда алысқа аттап үміт.
Жүретін сол құлыны соқа сүйреп,
Қарғадай боп қалқиып атқа мініп.

Толық

Кезеңге шыққанда

  • 0
  • 0

Басынан мұнар кетпей көлбеген көк,
Жатыр ғой биік Жоңғар көлденеңдеп.
Сайрамдай сұлу көлін ортаға алып,
Қос тауым,

Толық

Қарап көріңіз