Өлең, жыр, ақындар

Талды қалам, Талдықорған

Сырттан қарап жүріп өзім тамсанамын
Көңілімді көтеру үшін іштей ән саламын
Талдықорғанның қыздары шет-шетіннен әдемі
Қарап тұрып кейде,өзімде таңғаламын.

Талдықорған әсем,Талды қалам
Жан-жағынан ағаш қоршаған далам
Мына менің көрікті қаламды еркелетіп,
"Жер жәннәті жетісу"-деп айтқан бабам

Бұл жақтағы адамдар,бірін-бірі таниды,
Алматыдан таза,көшелерінде таза ауа аңқиды.
Кішкентай қала болсадағы,мен үшін,
Әр қашанда бақыттар мекені.

Біздің Талдықорғанның қыздарын гүл дейді,
Жүздері жылы,жүзіне қарап жиі күлімдейді.
Мен нағыз ғашықпын,бұл қалаға,
Ғашық болғанымен әзірге мені ешкім білмейді.

Талдықорғанда өтіп жатқан менің күндерім,
Астанамен Алматыдан кем емес түндерім.
Мұқағалидың өзі бас иіп,сәлем берген,
Содан бері қайта жайнап гүлдедің



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар