Өлең, жыр, ақындар

Көгілдір тау

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 3547
Жері сортаң тебе де аппақ, жол аппақ,
Жолдар жатыр жердің бетін жолақтап.
Өркеш таулар, қоңыр таулар тіркесіп,
Бұйра құмды жастаныпты созақтап.
Бір кездегі жел суырған құм дала,
Көштер өткен, сыңсу айтып қыз бала.
Қоңыр белден аттандырып жалғызын,
Шалғайымен көзін сүртіп тұрды ана.
Ол бір күндер өткен еді-ау ертеде,
Өкінішпен өзекті енді өртеме.
Сыпсыңдаған өсекші жел, сырнай жел,
Сыбырлай ма, соны аңыз ғып шерте ме.
Күн келеді жердің бетін нұрға орап,
Мен күлемін жүрегімді жырға орап.
Дос күледі жаз көңілін жайып сап,
Көрікті ауыл көңіл қанбас мың қарап.
Жел еседі селеу басы ырғалып,
Шөлдеп келген көз сусыны бір қанып.
Таулар өзін көк сағымға тұр малып,
Кетсем, шіркін, сол қалпыңды бірге алып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаннама

  • 0
  • 0

Көбелек ұшып жүр қуайын,
Бұзбасын ешнәрсе ұйқыңды.
Ойламан сен барда уайым,
О, менің қызығым, сүйкімді.

Толық

Көз ұшында бұлдырап

  • 0
  • 0

Көз ұшында бұлдыраған күмбез бе,
Қара қос па бабам тіккен бір кезде.
Жартас па әлде жауын шайған денесін,
Жұмсақ сурет ерекше боп тұр көзге.

Толық

Гиссар түні немесе Ақнозар мен Гүлнозар

  • 0
  • 0

Гиссар түні,
Гиссар түні —
Ән түні,
Жан балқытты бұлбұлдардың бал тілі.

Толық

Қарап көріңіз