Өлең, жыр, ақындар

Кезеңге шыққанда

  • 24.02.2018
  • 0
  • 0
  • 1506
Басынан мұнар кетпей көлбеген көк,
Жатыр ғой биік Жоңғар көлденеңдеп.
Сайрамдай сұлу көлін ортаға алып,
Қос тауым,
Сәбиіндей тербеген кеп.
Кездерім еске оралып сайрандаған,
Елжіреп қарап жатыр Сайрам маған,
Бурыл шаш,
Бұйра толқын,
Бұла мінез,
Біздегі ұқсастыққа қайран қалам!
Жаудырап жатыр дерсің жас арудай,
Сұлулық бола бермес аса мұндай.
Қапыда құшақ жазып қалмайын деп,
Талқы тұр,
Көзден бір сәт таса қылмай.
Талқы тұр қыса түсіп жүрегіне,
Тағдырдан жалғыз соны тіледі ме.
Сайрам көл!
Қызың келді қайта оралып,
Тағынып малта тасты білегіне.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүреді ұдай

  • 0
  • 0

Қызықтырып сонадайдан
Атпаған таң, келер күн,
Бір соқпағын қуып келем
Мен де осынау өнердің.

Толық

Талай сапар жалғасар

  • 0
  • 0

Жалғанда жақсылықтан үмітті көп,
Жаныңды түлетпей ме тұнық тілек.
Жазықсыз кіналаудан мен аулақпын,
Айтуға көңіл қимас ұмытты деп.

Толық

Құтты мекен

  • 0
  • 0

Жатырсың кең көсіліп, құтты мекен,
Жаныңды біреу мендей ұқты ма екен.
Сыңғырлаған бұлақтың сұлу үнін,
Құмартқанда кәусардай жұтты ма екен.

Толық

Қарап көріңіз