Өлең, жыр, ақындар

Таң самалы

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1717
Теңіз ерте ұйқысынан оянды,
Толқын жүзі таң нұрына боялды.
Таң самалы тереземнен енгенде,
Көңіл қалай хош иісіне тоя алды.
Көз алдыма көкшіл әлем тартылды,
Таң керілген көркі қандай тартымды,
Теңіз күйін тыңдауменен тебіреніп,
Ризамын, өткеруге әр түнді.
Жабырқармын түсінбесең жанымды,
Тарту еттің маған сазды әніңді.
Сүйрік саусақ, сұлулары латыштың,
Мінезінде мін жоқ, неткен нанымды!..
Сүйсінемін, көзбен көріп сәніңді,
Кімді күтіп, теңіз сонша сарылды.
Самал сипап толқын жүзін өпкенде,
Кең даламды, елестетті, сағымды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сенің саусағың

  • 0
  • 0

Өңімнен қаным қашып, сұлық түсіп,
Ащы ойлар жүрегімді тіліп түсіп.
Жатқан жерден, апашым, өмір бердің,
Жатырмын тірлікті енді күліп, құшып.

Толық

Ұнатамын..

  • 0
  • 0

Ұнатамын мен аппақ дала таңын,
Баурыңдағы мен де бір балапаның.
Бірде қатал естілсе әмірлі үнің,
Бірде шаштан сипайды алақаның.

Толық

Ертең қиып кетерсің

  • 0
  • 0

Толы тағам: әні қызым, әні бал,
Ал жолаушым, шөлдеп келдің қанып ал.
Бұл ауылдың сұлу қызы тағы бар,
Ақын жігіт — жерің осы танылар.

Толық

Қарап көріңіз