Өлең, жыр, ақындар

Ұнатамын..

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2327
Ұнатамын мен аппақ дала таңын,
Баурыңдағы мен де бір балапаның.
Бірде қатал естілсе әмірлі үнің,
Бірде шаштан сипайды алақаның.
Ұнатамын даланың ерке желін,
Беу, өмір, өзіңе ұқсас ерке ме едім.
От жырынды құй дағы жүрегіме,
Өзегімді жалын боп өрте менің.
Ұнатамын кең дала, қырларыңды,
Талай-талай тыңдағам сырлы әніңді.
Ұйып қалып сол әнге құштар көңіл,
Көріп ең ғой таңданып тұрғанымды.
Ұнатамын ойланып жатқаныңды,
Қырандар тынбай кезді жақпарыңды.
Өзіңе ұқсас бүкпесіз мынау көңіл,
Кеудеңнен бір күй болып ақтарылды...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тау әсері

  • 0
  • 0

Жалғасып жатқан шыңға шың,
Шалғайдан көрдім шың басын.
Етектен тұрып үн қатсам,
Биіктен тауым тыңдасын.

Толық

Ата-мекен

  • 0
  • 0

Мекен ғой бұл тұлпардың ізі қалған,
Көкжиекті жүріпті жүзіп арман.
Домбырадан бір мезгіл күй толастап,
Арулардан нәзік ән үзіп алған...

Толық

Өмір

  • 0
  • 0

Өзі де өмірімнің көрікті өлең.
Мен оның талай қырын көріп келем.
Көңілім көктем дейін көлкіп жатыр,
Тасқындай толқын атып көбіктенем.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар