Өлең, жыр, ақындар

Бүгінгі күн не сыйлайды маған?


Күнім менің жарқырашы,сөнбеші,
Сәулеңді төк,айналаңды тербеші.
Атар таңнан бақыт тілеймін еліме,
Уа, халқым, сабырға кел, үмітіңді үзбеші.

Әр күнім де көрер қызық көбейсін,
Бақытына балалардың тіл мен көз тимесін.
Аман болып немерелер әке -шеше бағына,
Жамандықты ешқашан көрсетпесін дегейсің.
Қуаныштан бал- бұл жанып,
Жақсылық тек соңымнан ергейсің.

Бүгінгі күн көп болсын,
Ешқашанда бітпесін.
Жадырап, жайнап жүрейін,
Тек балалармен қызықты өмір сүрейін.

Бүгінгі күн әкелсін тек шаттықты,
Әлемнің тек жарығын сыйлашы.
Өмір деген асау толқын ағынды,
Бергің жеңіл бағындырар күш - қуатты.

Сұрарым көп бүгінгі күннен менің,
Болсыншы мәнді де, сәнді бар өмірім.
Сәттілік пен табысты болсын болашағым.
Өткенді еске алайық қимастықпен,
Шығарып салайын ризашылықпен.
Бүгінгі күн түсіремін саған салмақты мен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз