Өлең, жыр, ақындар

Сенің саусағың

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1166
(Ұлы Құрбановаға)

Өңімнен қаным қашып, сұлық түсіп,
Ащы ойлар жүрегімді тіліп түсіп.
Жатқан жерден, апашым, өмір бердің,
Жатырмын тірлікті енді күліп, құшып.
Жаз еттің көңілімді құлазыған,
Ажалдың арашалап тұзағынан.
Көңіліме көктеменің гүлін егіп,
Сыйладың өмір маған ұзағынан.
Сөйлеттің тамырларды соқпай қалған,
Жүрексіз тоқтайды ғой, тоқтайды арман.
Азаптан сан кісіні айықтырып,
Нұр құйдың жанарына шоқтай жанған.
Ажалға ақын әсте табынған ба,
Қуанам сендей қамқор табылғанға.
Жатырмын шыдамдықтың шырын жұтып,
Жанардан жас тамады сағынғанда.
Үйге де оралармын айыққанда,
Ризамын, келіп-кетіп жай ұққанға.
"Ала жазды аурумен алды" деген,
Бұл күнде құр емеспіз айыптан да.
Жас жаны көрген бе әсте бір бұйығып,
Көзіңнен мойыл қара нұр құйылып.
Ойынды түсінем ғой айтпасаң да,
Жүрегім саусағыңнан түр күй ұғып
Білемін неге ертелеп асыққаның,
Біреудің арашалап қасық қанын.
Тұрады қанша алысқа, апатайым,
Кеудеде өмір күшін тасытқанын
Әрдайым дей алмаймын күліп өттің,
Науқастың мендей талай мұңын өптің.
Кетер ме ем сен болмасаң ұйықтап мәңгі,
Адамға тірлік берген құдіреттім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шыңдағы шопан

  • 0
  • 0

Жатқанда құс қиқулап енді қонып,
Көктемге бір ерекше белгі болып,
Сәйгүліктер сабылған даласында
Мәз боп қайттым баладай,

Толық

Өкінішке оранып...

  • 0
  • 0

Адамның тірлікте
құмарта өпкені,
Көл-көсір дүние
гүл атқан көктемі.

Толық

Ұнатамын..

  • 0
  • 0

Ұнатамын мен аппақ дала таңын,
Баурыңдағы мен де бір балапаның.
Бірде қатал естілсе әмірлі үнің,
Бірде шаштан сипайды алақаның.

Толық

Қарап көріңіз