Өлең, жыр, ақындар

Аппасионата

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1002
Құшағы толғандай бір лала гүлге,
Шалқыды даласымен бала бірге.
Бетховеннің құдіретті сазды әуені
Жетелеп жолаушыны барады үйге.
Серпе тастап өткен күн түндіктердің,
Шалқытып күй сазынан
Шындық лебін.
Шерлі сыр ақтарады күй сандығы,
Тұтқындап жан дүниеңді сұмдық сезім.
Ол күйде жатыр жүрек суреттері,
Ол күйде жатыр ғасыр құдіреттері.
Ол күйде жатыр әне,
Ұшқыр ойдың,
Тұтасқан, түйдектелген тың лектері.
Ол күйде жатыр заман тыныстары,
Ол күйде жатыр жаздың күміс бағы.
Ол күйде жатыр талай толғаныстар,
Осы күй қозғау салар ұлы іске әлі!..
Ол күйде жатыр талай құбылыстар,
Ол күйде жатыр бұраң, бұрылыстар...
Ол күйде асқақ ерлер даусы бар,
Жығылмас әділеттің туын ұстар.
Ол күйден уақыт көші дүркіреді,
Адамның жортқан небір түлкілері...
Жан төзбес жауыздықтың жағасынан
Жаңа күші дәуірдің сілкіледі!
Құшағы толғандай бір лала гүлге,
Шалқиды даласымен бала бірге.
Бетховеннің құдіретті сазды әуені,
Жолаушыны жетелеп барады үйге...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сыр берме

  • 0
  • 0

Көрмегелі көп болып дала — қызды,
Көңіл бірдей желпініп алақызды.
Көздер бар ғой отырар төне түсіп,
Ұмытып ойнап жүрген балаңызды.

Толық

Дәуір мен ақын

  • 0
  • 0

Үніңменен үнім тектес жаралған,
Сен шомылған шұғыладан нәр алғам.
Жапырақтай жүрегімде сан арман,
Тереңнен ой тербетеді әр алуан...

Толық

Таңырқама ақ шашыма

  • 0
  • 0

Таңырқама,
Ақ шашыма қарама,
Бәрібір мен боямаймын қараға.
Тау басында жатқан қардай қысы-жаз

Толық

Қарап көріңіз