Өлең, жыр, ақындар

Таңырқама ақ шашыма

  • 04.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1745
Таңырқама,
Ақ шашыма қарама,
Бәрібір мен боямаймын қараға.
Тау басында жатқан қардай қысы-жаз
Күміс қырау жараспай ма анаға!
Отырғаның жарасымды жанымда,
Соның өзі орамай ма жалынға.
Ақ талдардың әрқайсысы алуан сыр —
Қуанышым,
Күлкім,
Шерткен зарым да.
Анашымды жасырғанда тас қабір,
Жиырмада түскен қырау шашқа бұл...
Содан бері өтті жылдар,
Ақты су,
Көрдім талай жандарды да тас бауыр.
Сонда жатыр шеккен сапар,
Тірлігім,
Сонда жатыр айтылмаған бір мұңым.
Ерте ағарған шашқа қарап біреулер,
Өздерінше жорамалдап жүр бүгін.
Таңырқама,
Ақ шашыма қарама,
Бәрібір мен боямаймын қараға.
Қара түнек баспаса екен көңілді,
Қара түнек орнамасын далаға!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әлдилейді толқындар

  • 0
  • 0

Ертісті бойлап төмен жүзіп келем,
Балықшы отыр қармағын сүзіп терең.
Қайығыма жармасып қалып жатыр,
Осынау толқын сырын қызық көрем.

Толық

Жат елде

  • 0
  • 0

Өсіппін мен, сонау алыс — жат елде,
Өмір жолы жүріп барып, бұрылды.
Байласам да бұл өмірді қатерге,
Ата жолын қуған екем бұрынғы.

Толық

Өзің едің

  • 0
  • 0

Өзің едің өмірдегі бір теңім,
Әр кеудеге түней бермес жыр тегін.
Көңіл дымқыл,
Күн көзіне құрғатып,

Толық

Қарап көріңіз