Өлең, жыр, ақындар

Дәуір мен ақын

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2980
Үніңменен үнім тектес жаралған,
Сен шомылған шұғыладан нәр алғам.
Жапырақтай жүрегімде сан арман,
Тереңнен ой тербетеді әр алуан...
Асықтырар армандарым алысқа,
Уақыт — бәйге, түсіп келем жарысқа.
Қуат бердің, қызу бердің ақынға
Елім ортақ, мендегі бар табысқа.
Өмір — ұстаз, шымырлаған, мықтаған.
Жайым мынау, дауылыңнан ықпаған.
Қиыр жолдар, қиын жолдар кештім мен,
Биігіңе жету үшін шықпаған.
Күмәнім жоқ, дегенімен жетем мен,
Ақ тілеуің болармын ба өтелген.
Елім болып сөйлер сыршы жырларым.
Мейлі, ажал келсе-дағы төтеннен...
Жыр желкені жығылмайды көтерген!..
* * *
Жабырқадым, жасымадым, кектендім.
Барлықты да, тарлықты да көп көрдім.
Өткел шіркін, не өткермейді басынан
Өмір көшін өткізетін өткелмін!
Жаңбыр болды жүрегімнен төккен мұң,
Күйін шерттім көкірегімде көктемнің,
Қиялымды қыр асырсам шектер кім,
Қандай қымбат, қиындықпен жеткен күн...
Сарылдырған сағынышты да өткердім,
Келмес, сірә, болмашымен шектелгім.
Сергі көңіл, енді сен де серпіл, жыр,
Дана дәуірім, сөнбеу үшін от бердің!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ Еділ

  • 0
  • 0

Ақ Еділ,
Асау Еділ,
Арындаған,
Ағыңнан бар ма кезең жарылмаған.

Толық

Қосмола

  • 0
  • 0

Көргенде Бөгем таудың Қосмоласын,
Өткен өмір шежіресін жастанасың.
Әлде кімге
Сездіріп аяушылық,

Толық

Ай сығалап әйнектен

  • 0
  • 0

Кейбір кезде көңіл жүдеп,
Қайдағы бір қайғы өпкен.
Қыр самалын аңсаймын кеп,
Аймалайтын жайлы еппен.

Толық

Қарап көріңіз