Өлең, жыр, ақындар

Жол үстінде

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2430
Қыран бізді көтеріп биіктеді,
Бұлт ішінде ойнаған киік пе еді.
Бөлендім кең даламда бір рахатқа,
Салқын лепті самалың сүйіп тегі.
Алдымнан қыр көтеріп шықты гүлін,
Шалқиды көңіл ғажап тіпті бүгін.
Үстінен ақ бұлттарды лақтырады,
Көрсетіп күз — алыптар мықтылығын.
Артымызда қап жатыр шаңдақ белең,
Қиял алыс, ақ күспен самғап келем.
Күбір-күбір ішімнен сыр толғаймын.
Шабыт келсе қонысты тандап па өлең.
Балқаш жатыр сырласып даласымен,
Құшағыма сан қысып алатын ем,
Қиқулаған шағала сабап өтті
Жал-жал әппақ толқынның қанатымен.
Көзінен қыраттардың сағым ұшты,
Шертеді бір ғажайып сағынышты.
Сезді ме әдейі аңсап келгенімді,
Кеудемді кең даланың әні құшты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауылға барғанда

  • 0
  • 0

Баяғы өзен өзгертпеген ағысын
Сұстанады қаз-қалпында тағы шың.
Жиналыпты ауыл болып осында,
Жиналыпты әзілі көп абысын.

Толық

Қына басқан қарағай

  • 0
  • 0

Салмағын салса да оған мынау аспан,
Күлместен,
Күңіренбестен,
Жыламастан,

Толық

Кең жазира

  • 0
  • 0

Кең жазира, кербез далам, қымбаттым,
Мен төсінде іңгәладым, тіл қаттым.
Көгершіндей қалықтатып көгіңе,
Өміріме өшпес жалын, нұр жаптың.

Толық

Қарап көріңіз