Өлең, жыр, ақындар

Кең жазира

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2578
Кең жазира, кербез далам, қымбаттым,
Мен төсінде іңгәладым, тіл қаттым.
Көгершіндей қалықтатып көгіңе,
Өміріме өшпес жалын, нұр жаптың.
Алыс жүрсем сағынамын, құшамын,
Қанат болса өзің үшін ұшамын.
Қайда жүрсем аңсарымсың бір өзің,
Қандай ыстық, аяулы еді құшағың.
Ұстап тұрған күнді–дағы батырмай,
Сенің күшің болар ма екен, япырмай.
Соқпаса егер сенің тентек дауылың,
Жатар ма еді теңіз толқын сапырмай.
Қызықтырар туған қызын бұл мекен,
Алаулаған әлде қызыл гүл ме екен.
Әлде сенің қуатыңнан, титімдей,
Жүрек шіркін кеудені ұрып тұр ма екен.
Туған жерім, кең жазира, кең өлкем,
Құлаш сермер тұнығын да өз еркең,
Ұшқанда да тоқып келем көкейге,
Балаусалы құшағында не көрсем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гүл

  • 0
  • 0

Еменнің жалғыз түбірі,
Тұратын шыңның үстінде.
Жетпесе желдің күбірі,
Жеткен емес ешкім де.

Толық

Таңғы шық

  • 0
  • 0

Меруерттей мөлдіреді,
Шөп басына шық тұнып.
Гүл желегі желбіреді,
Нәзіктігін ұқтырып.

Толық

Жартас

  • 0
  • 0

Қара жартас, мелшиіп тіл қатпайсың,
Толқындарды кеудеңде тулатпайсың,
Сен неге кілт өзгердің, біле алмадым,
Тек қана үнсіздікті құндақтайсың.

Толық

Қарап көріңіз